Еуропарламент Ресейдегі сайлауды сынады

Еуроодақ парламенті Ресейдегі президент сайлауын ұйымдастыру мен өткізу кезіндегі кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды сынаған қарар қабылдады.

Саяси партиялардың көпшілігі мақұлдаған қарарда сайлаушылардың еркіндігі шектелгені айтылады. Еуропарламент осыған орай Ресейді демократиялық ұстанымдарды нығайту үшін сайлауда болған барлық заң бұзушылықтарды ашық түрде тексеруге шақырады.

Бұдан өзге, қарарда жақында президент болып сайланған Владимир Путин мен мемлекеттік думадағы саяси партияларды оппозицияға және демократиялық қозғалыс өкілдеріне жұмсақтық танытып, жүйелі диалог орнатуға шақырған тармақ та бар.