16 ауғанды өлтірген сарбаздың аты-жөні аталды

АҚШ сарбазының 16 адамды өлтіргеніне қарсы наразылық шеруі. Ауғанстан, 13 наурыз 2012 жыл.

АҚШ Ауғанстандағы 16 бейбіт тұрғынның ажалына себеп болған сарбазының аты-жөні Роберт Бэйлс екенін айтты. Жұма күні күдіктіні Кувейттен Канзас штатындағы (АҚШ) Форт-Левенуэрт әскери базасының уақытша қамау орнына әкетті.

Роберт Бэйлске әзірше ресми түрде айып тағылған жоқ. Жазықсыз 16 адамды атып өлтірген сарбаздың жасы - 38-де, шені - сержант, ол армияда 11 жылдан бері қызмет еткен.