Латвияда СС ардагерлері маршы өтті

СС-тің Латвия бөлімшесі ардагерлері мен олардың жақтастарының маршы.

Нацистік Германияға қызмет еткен СС (немісше SS, толық атауы Schutzstaffel — «күзет жасақтары») Латвия бөлімшесінің ардагерлері мен олардың жақтастары Ригада марш өткізді.

СС ардагерлерінің айтуынша, олар Латвияның тәуелсіздігі үшін Иосиф Сталиннің жаппай депортациялау саясатын жүргізген советтік Қызыл армияға қарсы күрескен.

Бірақ бұған осы елдегі ұлты орыс азаматтар наразы болды. Маршқа қарсылық танытқан (көбісі этникалық азшылық - орыс ұлты өкілдерінен құралған) жүз қаралы адам шеруді үнсіз бақылап тұрды. Олардың кейбірі нацистік концлагерь тұтқындарының формасын киіп, Холокост құрбандарының суретін ұстап шықты.

Ресей сыртқы істер министрлігі СС ардагерлерін "Гитлердің қолшоқпарлары" деп атап, "олардың маршы - тарихты қайта жазу және нацистердің хайуандықтарын ақтау" деп мәлімдеді.