Пәкістандағы адам құқы жөніндегі тәуелсіз комиссияның дерегіне қарағанда, бұл елде 2011 жылы кем дегенде 943 әйел мен қыз бала өлтірілген. Олардың бәріне "әулеттің абыройына кір келтірді" деген айып таққан. 2010 жылы Пәкістанда 791 әйел мерт болған еді дейді ұйым.
Ұйымның баяндамасында "әулеттің абыройына кір келтірді" деген айыппен 93 кәмелетке толмаған қыз бала, жеті христиан және бір үнділік әйел өлтірілгені айтылады.
Қайтыс болғандардың көбіне "заңсыз қарым-қатынас жасады" деген айып тағылған. 200 әйел "тұрмысқа рұқсатсыз шыққандықтан" өлтірілген.
Марқұмдардың көбі күйеулерінің не бауырларының қолынан қаза тапқан. Кейбір әйелдерді өлтірмей тұрып қорлаған.
Бірақ Пәкістандағы адам құқы жөніндегі тәуелсіз комиссия ел парламентінің "әйел құқын арттыратын заңдар қабылдауын оң бағалайды".