Жоғарғы соттың ресми өкілі Оксана Петерс дүйсенбіде брифингте Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотқа 100-ден астам жәбірленуші қатысатынын хабарлады.
Петерстің айтуынша, 27 наурызда Ақтау қаласында басталатын сотқа 37 айыпталушы, 45 куә, 6 мемлекеттік айыптаушы мен 12 қорғаушы қатыспақ.
2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында, 17 желтоқсанда Шетпе станциясында болған толқулар бойынша істі қарау Ақтауда 27 наурызда сағат 10-да басталатыны бұған дейін хабарланған болатын.
16 желтоқсанда Жаңаөзенде, 17 желтоқсанда Шетпеде шерушілерді күшпен қуып тарату барысында 17 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланды (ресми есеп бойынша). Оппозиция қаза болғандардың саны бұдан әлдеқайда көп екенін айтады.
Оған дейін жергілікті мұнайшылар жеті ай бойына жалақыны көтеруді талап етіп, ереуіл өткізіп келген еді.