Атырауда терроризмге қатысты 47 адамның соты басталады

Атырауда дүйсенбіде терроризмге қатысы бар деп айыпталған 47 адамның соты басталады деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

47 адамның бесеуі 2011 жылы Атырау қаласында болған жарылыстарға қатысы бар деп айыпталып отыр.

Қалғандары өткен жылдың тамыз және қыркүйек айларында Атырау және басқа аймақтарда жарылыс жасамақ болды деген күдікпен ұсталған.

47 адамға террористік топ құру, оны басқару, экстремизмді және террорлық әрекеттерді қаржыландыру сияқты айыптар тағылған.

Айыпталушылардың жас шамасы 21 мен 32 жас аралығында.

Бұған дейін Атырау облысы прокурорының көмекшісі Ләззат Нұрмағамбетова айыпталушылардың кейбірі шет елде жүргенін айтқан. Бірақ нақты қай елде екенін айтпаған болатын.