Алматының ауданаралық әкімшілік соты сейсенбіде Janaozen.net веб-порталының бас редакторы Қасым Аманжолұлы мен "Журналистер қатерде" қорының президенті Рамазан Есіргеповті "рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыру әрекетін қайталады" деп әкімшілік жазаға тартты.
Сот олардың әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 200 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды.
Оппозиция 24 наурызда Алматыда Жаңаөзен оқиғасына 100 күн толуына орай митинг өткізген еді. Онда Қасым Аманжол сөз сөйлеп, Рамазан Есіргепов митингіде қабылданған қарарды оқыған.