АҚШ Қырғызстан үкіметімен Манас әскери әуе базасын 2014 жылдан кейін де жалға пайданала беру туралы келісімге келеді деп үміттенеді. Бұл туралы сейсенбіде Бішкекке келген АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша орынбасары Роберт Блэйк мәлім етті.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бұдан бұрын "Бішкек Манас әуе базасын 2014 жылдан кейін азаматтық мақсатта пайдалануды көздейді" деп бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Блэйк Қырғызстанмен әуе базасы туралы келіссөздер әлі басталмағанын, бірақ Вашингтон Атамбаев үкіметімен кез-келген уақытта келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты.
АҚШ Манас әуе базасын Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштеріне жүк тасымалдау үшін пайдаланады.