Ресей саяси партиялар туралы заң қабылдады

Ресей Федерациялық кеңесі сәрсенбіде саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдететін президенттік заңды қабылдады.

Заң жобасы бұған дейін мемлекеттік думаның үш оқылымында мақұлданған болатын.

Құжат бойынша енді бұрынғыдай 40 мың емес, 500 қолдаушысы бар ұйым саяси партия ретінде тіркеуден өте алады.

Заңды талқылауға тіркелмеген, парламентке өтпеген партиялардың өкілдері де қатысты. Олар жұмысшы тобының құрамына кірген. Дегенмен, олар ұсынған көп түзетулер заңға енгізілмей қалды.

Бұл заң - президент Дмитрий Медведев 2011 жылдың аяғында ұсынған саяси реформаларды жүзеге асырудағы алғашқы құжат.