Бүгін - Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот процесінің екінші күні тергеуге шақырылған 11 жәбірленушінің 8-і талаптарынан бас тартты деп хабарлайды Lada.kz сайты.
Ол сегіз адамның арасында "Ынтымақ" алаңында өртенген киіз үй иелері, көлігі өртенген адамдар, Жаңаөзенде қираған дүкен қожайындары мен басқа да кәсіпкерлер бар.
Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалар бойынша Ақтауда өтіп жатқан сот отырысына 37 айыпталушы мен 100-ден аса жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы және 12 қорғаушы қатысып отыр.
Жаңаөзен мен Шетпеде 2011 жылы 16-17 желтоқсанда болған оқиғаларда ресми есеп бойынша 17 адам қаза тауып, 100 ден астам жараланды.