Ресейде ұшақ апатқа ұшырады

Дүйсенбі таңертең Ресейдің Түмен қаласының түбінде бортында 43 адамы бар AFT-72 ұшағы апатқа ұшырады. Соңғы мәлімет бойынша апатта 32 адам қаза тапты.

Борттағы 43 адамның 39-ы - жолаушы, 4-еуі экипаж мүшелері. Ұшақ жерге құлаған соң үшке бөлініп, өртенген. Жараланғандарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Түмен әуежайынан Сургут қаласына аттанған ұшақпен бірнеше минуттан кейін байланыс үзіліп қалған. Апат себептері анықталып жатыр.