Мәскеуде ондаған шеруші тұтқындалды

Мәскеуде Қызыл алаңда болған митинг. Ресей, 1 сәуір 2012 жыл.

Мәскеуде Қызыл алаңның жанында митинг жасаған 55 адам ұсталды.

Оппозиция белсенділері жақтастарын алаңнан ақ лентамен жүріп өтуге шақырған. Бұл лента Владимир Путинге наразы қозғалыстың символына айналған болатын.

Полиция алаңға кірер жолды жапқан кезде сыртта қалып қойған 300-дей шеруші Путинге қарсы ұрандар айтқан.

Владимир Путин 4 наурызда өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен болатын. Президенттік қызметіне мамыр айында кіріседі.