Мәскеуде өрт шығып, 12 мигрант қаза тапты

Өрт сөндірушілер Мәскеудің "Качаловская" базарында шыққан өртті сөндіріп жатыр. Мәскеу, 2 сәуір 2012 жыл.

Мәскеудегі "Качаловская" атты базарда өрт шығып, 12 адам қаза тапты.

Ресейдің төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің France Press агенттігіне хабарлауынша, қаза тапқандардың бәрі - Мәскеуге жұмыс істеуге келген мигранттар. Олардың көпшілігі Тәжікстаннан келген деген болжам бар.

Қазір өрт сөндірілген. Алдын ала жасалған болжам бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан шыққан.