Дүниежүзілік банк пен БҰҰ-ның балаларға арналған ЮНИСЕФ қоры Тәжікстанда жыл сайын бес жасқа толмаған 7500-ден астам баланың тойып тамақ ішпейді деп мәлімдеді.
Қос ұйым бірлесе дайындаған есебінде Тәжікстандағы азық-түліктің тапшылығы халықтың денсаулығы мен мемлекеттің дамуына кері әсер етіп отыр дейді. Тәжікстандағы әрбір үшінші баланың тойып тамақ ішпегендіктен салмағы аз.
Наурыздың соңында ел президенті Эмомали Рахмон халықтың көпшілігі дұрыс тамақ ішпейді деп, одан "тұрғындардың семіру және басқа да ауруларға ұшырайтынын" айтқан.
Рахмон тәжіктерді "ауыр тамақтарды аз ішіп, дене жаттығуларын жасап тұруға" шақырған болатын.