Eurasia View («Еуразия вью») басылымы Жаңаөзен қаласының қазіргі ахуалы мен сотталып жатқан мұнайшылардың жағдайы жайлы мақала басты. Басылым жұмыстан шығып қалғандардың біразы қайта жалақы ала бастағанымен, айып тағылған кем дегенде 8 мұнайшы 10 жылға сотталуы мүмкін деген болжам айтады.
Мақала авторы былтыр қантөгіске куә болған Жаңаөзен қаласы көктеммен бірге жаңара алмай тұр деп жазады.
«ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚАЛА»
Басылымның жазуынша, ақпан айында Қазақстан үкіметі алдағы үш жылда Жаңаөзенді қайтадан дамыту үшін 29 миллион теңге бөлуге уәде еткен. Бірақ қақтығыстан бері 4 айға жуық уақыт өтсе де, қалада көп өзгеріс жоқ. Толқу кезінде қираған «ӨзенМұнайГаз» кеңсесі мен бірнеше сауда үйлері өрттен соң жарамсыз боп, әлі жөндеусіз тұр деп сипаттайды басылым.
Мақала авторы көшелерде ілінген президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңаруға» шақыратын ұраны жазылған билбордты сипаттайды. Автордың ойынша, билбордағы зәулім Астананың бейнесі бұл елдің энерго-ресурстарға қаншалықты бай екенін көрсетіп тұр. Алайда Астананың көз суыратын сұлулығы мен желі құм суырған Жаңаөзеннің сүреңсіз суретін салыстыра алмайсыз. Президенттің жоғарыда айтылған ұраны да мұндағы жағдайға сәйкес келмейді деп жазады басылым.
«АСТАНА АСЫҚПАЙДЫ»
Үкімет басшылары әлеуметтік теңсіздік халықтың наразылығын туғызды деп бейресми түрде болсын мойындап, сол үшін жергілікті басшыларды айыптады. Бірақ сонда да үкімет көтеріліс кезінде қираған ғимараттар мен мүліктерді қайта қалпына келтіруге асығатын түрі жоқ деп жазады Eurasia View.
Eurasia View қаладағы жағдайды сипаттау үшін тұрмыстарына риза емес жергілікті тұрғындардан сұхбат та алған. Олар наурыз айының соңына дейін пәтерлерінде тоңып шыққандарын айтып шағымданған.
Басылым тілшісі сөйлескен Венера Попова есімді жергілікті зейнеткер: «Мұнай өндіретін – біз. Сөйте тұра қирандыға айналған түрімізге қарашы» деген.
Қалада осы уақыт ішінде түк жасалмады деп айтуға да келмейді деп жазады Eurasia View. Мысалы өртелген әкімдік ғимараты дереу қалпына келтіріліп, төбесінде Қазақстанның мемлекеттік туы қайта желбіреп тұр.
«ТЕГІН ЖАЛАҚЫ»
Басылым былтыр «ҚазМұнайГаз» компаниясы жұмыстан шығарып жіберген 2 мың жұмысшының басым көпшілігі жұмысқа алынады деп хабарланғанын жазады. Мақала авторы 2010 жұмыс орны ұсынылды, жұмыс әлі басталмаса да, компания кейбіреулеріне жалақы төлей бастаған деген дерек келтіреді.
Атын айтудан бас тартқан бір тұрғын жұмыстан босап қалған баласының наурыз айында 130 000 теңге жалақы алғанын айтқан. Елдегі орташа жалақы боп саналатын 92 000 теңгеден бұл сома біршама қомақтырақ. Кейбір адамдар үкіметтің осы әрекетін олардың кінәларын іштей мойындағаны деп есептейді.
Мақала авторы Жаңаөзенде сотта жауапқа тартылып отырған 37 адамның (оның 18-і «Өзенмұнайгаздың» жұмысшылары) тағдырына да тоқталады. Оның ойынша, қазірдің өзінде прокурор «бүлікті ұйымдастырды» деген айыппен 8 мұнайшыға ерекше шүйлігіп отыр. Олар кем дегенде 10 жылға сотталуы мүмкін. Автордың ойынша, Жаңаөзен мен Ақтау халқының көпшілігі мұнайшыларға тілектес, оларды нақақ күйгендер деп есептейді.
Eurasia View желтоқсандағы қақтығыста жапа шеккен отбасылар туралы да мәлімет келтірген. Майра Тұрсынбаева есімді азаматша күйеуі ұсталып, қамалған соң онымен 38 күн бойы кездесе алмай қиналғанын баяндаған. Кездескен кезде жұбайының орнынан тіктеліп тұра алмай қалғанын көрген. Ері өзін полицейлердің целлофан қалтамен тұншықтырып, ұрып-соққаны жайлы айтқан. Бірақ түсірген шағымы кері қайтарылған. Eurasia View тілшісінің жазуынша, ресми билік әзірше түрмедегі ұрып-соғу кезінде қаза тапқан бір адамның өліміне бір полицейді ғана кінәлі деп мойындап отыр.
«ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚАЛА»
Басылымның жазуынша, ақпан айында Қазақстан үкіметі алдағы үш жылда Жаңаөзенді қайтадан дамыту үшін 29 миллион теңге бөлуге уәде еткен. Бірақ қақтығыстан бері 4 айға жуық уақыт өтсе де, қалада көп өзгеріс жоқ. Толқу кезінде қираған «ӨзенМұнайГаз» кеңсесі мен бірнеше сауда үйлері өрттен соң жарамсыз боп, әлі жөндеусіз тұр деп сипаттайды басылым.
Мақала авторы көшелерде ілінген президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңаруға» шақыратын ұраны жазылған билбордты сипаттайды. Автордың ойынша, билбордағы зәулім Астананың бейнесі бұл елдің энерго-ресурстарға қаншалықты бай екенін көрсетіп тұр. Алайда Астананың көз суыратын сұлулығы мен желі құм суырған Жаңаөзеннің сүреңсіз суретін салыстыра алмайсыз. Президенттің жоғарыда айтылған ұраны да мұндағы жағдайға сәйкес келмейді деп жазады басылым.
«АСТАНА АСЫҚПАЙДЫ»
Үкімет басшылары әлеуметтік теңсіздік халықтың наразылығын туғызды деп бейресми түрде болсын мойындап, сол үшін жергілікті басшыларды айыптады. Бірақ сонда да үкімет көтеріліс кезінде қираған ғимараттар мен мүліктерді қайта қалпына келтіруге асығатын түрі жоқ деп жазады Eurasia View.
Мұнай өндіретін – біз. Сөйте тұра қирандыға айналған түрімізге қарашы.
Басылым тілшісі сөйлескен Венера Попова есімді жергілікті зейнеткер: «Мұнай өндіретін – біз. Сөйте тұра қирандыға айналған түрімізге қарашы» деген.
Қалада осы уақыт ішінде түк жасалмады деп айтуға да келмейді деп жазады Eurasia View. Мысалы өртелген әкімдік ғимараты дереу қалпына келтіріліп, төбесінде Қазақстанның мемлекеттік туы қайта желбіреп тұр.
«ТЕГІН ЖАЛАҚЫ»
Басылым былтыр «ҚазМұнайГаз» компаниясы жұмыстан шығарып жіберген 2 мың жұмысшының басым көпшілігі жұмысқа алынады деп хабарланғанын жазады. Мақала авторы 2010 жұмыс орны ұсынылды, жұмыс әлі басталмаса да, компания кейбіреулеріне жалақы төлей бастаған деген дерек келтіреді.
Атын айтудан бас тартқан бір тұрғын жұмыстан босап қалған баласының наурыз айында 130 000 теңге жалақы алғанын айтқан. Елдегі орташа жалақы боп саналатын 92 000 теңгеден бұл сома біршама қомақтырақ. Кейбір адамдар үкіметтің осы әрекетін олардың кінәларын іштей мойындағаны деп есептейді.
Жаңаөзен мен Ақтау халқының көпшілігі мұнайшыларға тілектес, оларды нақақ күйгендер деп есептейді.