Қарағандыда "Бесоба" ықшамауданында үлескерлер қаржысына салынған көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі құлады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қатпановтың айтуынша, апаттан ешкім зардап шекпеген. Құлаған үйдегі 138 тұрғын басқа жаққа көшірілген. Тұрғын үйдің қалған бөлігіне зақым келмеген.
Тұрғын үйдің құлауына сәуірдің 1-і мен 5-і аралығында үйдің бұрыштары жарылып, аражіктері тігінен ажырай бастағаны себеп болған. 3 сәуірде қалалық әкімдік көпқабатты үйде төтенше жағдай жариялаған еді.
Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішев үйлері құлаған тұрғындарға қаржылай өтемақы немесе басқа пәтер берілетінін айтты.
Ал Қарағанды облысының прокуратурасы қылмыстық кодекстің 307-бабы 4-тармағы ("қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану") бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.