Пәкістан елдің солтүстігінде қар көшкініне ұрынған сарбаздарын әлі іздестіріп жатыр.
Бүгін таңертең көшкін құлаған лагерьде жүзден астам әскер тұрған. Қайғылы оқиға әлемдегі ең биік тау - Гималайдың Сиачен мұздығы маңында болды.
Сиачен мұздығы Пәкістан мен Үндістанның арасындағы даулы Кашмир аймағында орналасқан. Екі ел де бұл маңға өз сарбаздарын қойған еді. 1984 жылдан бері олардың арасында қақтығыстар жиі болып тұрады.
Әлемдегі ең биік қақтығыс ошағы атанған, теңіз деңгейінен 6 мың метрдей биікте жатқан Сиачен мұздығында сарбаздардың көбі қатал ауа райынан көз жұмады.