Қытай валюта бағамын өзгертті

АҚШ доллары мен Қытай юаны. (Көрнекі сурет)

Қытайдың орталық банкі бүгін валюта бағамын - юаньнің АҚШ долларына қатысты курсын өзгертті. Енді баға айырымы 1 пайыз шамасында ауытқуы мүмкін, бұрын бұл 0,5 пайызбен шектелген еді.

Қытайдың көптеген сауда әріптестері, әсіресе АҚШ юаньнің дұрыс бағаланбауына шағымданатын.

Қытай банкі дүйсенбіден бастап іске асатын жаңа шешімнің "нарық талабын орай шығарылғанын" айтады.