Канада Ираннан өз азаматына кешірім жасауды сұрады

Канаданың сыртқы істер министрі Джон Бэрд.

Канаданың сыртқы істер министрі Джон Бэрд Ираннан "тыңшылық жасады" деген айыппен өлім жазасына кесілген Иран және Канада азаматына - Хамид Гассеми-Шалға рақымшылық жасауды сұрады.

Министр 42 жастағы Хамид Гассеми-Шалға кесілген өлім жазасы сөзсіз орындалады деп алаңдаушылық білдірді.

Хамид Гассеми-Шал 2009 жылы Иранда ұсталып, "тыңшылық жасады" деген айыппен өлім жазасына кесілген. Жақтастары оның Иранға анасына қыдырып барғанын айтады. Ол Канадаға 1979 жылғы ислам революциясынан кейін қоныс аударған. Бірақ Иран оның қос азаматтығын мойындамайды.

Гассеми-Шал қазір Тегеранның Эвин түрмесінде отыр.