Шешенстанда динозаврдың 46 жұмыртқасы табылды

Шешенстанның Шарой ауданы маңындағы шатқалдан табылған динозавр жұмыртқалары. Шешенстан, 14 сәуір 2012 жыл.

Шешенстан аймағында геологтар бұдан 60 миллион жыл бұрын өмір сүрген динозаврдың тасқа айналған жұмыртқаларын тапты.

Шешенстан мемлекеттік университетінің геологы Саид -Эмин Джабраилов қазірге дейін 46 жұмыртқа табылғанын айтады. "Әлі де табылып жатқан жұмыртқалар бар дейді" ол.