Өткен аптада қарулы қастандық жасалған "Уральская неделя" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедиьяровтың денсаулығы операциядан соң жақсарып келеді деп хабарлады Азаттық радиосына газеттің бас редакторы Тамара Еслямова.
Оның халін білуге қазір туыстарының кіруіне рұқсат берілген. "Лұқпан қазір еркін сөйлей алады, бүгін оны реанимация бөлімінен палатаға ауыстырады" дейді әріптесі.
20 сәуірде Оралда түнде Лұқпан Ахмедьяровқа үйінің алдында қарулы қастандық жасалған болатын. Шабуылдан журналист ауыр халде ауруханаға түсті. Әріптестері қастандықты оның кәсіби қызметімен байланыстырады.