Еуропа Одағы елшілері ақпан айының соңында Беларусь президенті Александр Лукашенко билігінің адам құқықтарын сыйламай отырғанына қарсылық ретінде Минскіден кеткен еді.
Бұған Еуропа Одағының жаңа санкцияларынан кейін екі еуропалық елшіні кері қайтармақ болған беларусь билігінің шешімі де әсер еткен.
Қазір Швеция мен Польша елшілері де Минскіге қайтқан. Литва да өз елшісін тез арада Минскіге жіберетінін айтты. Эстония мен Чехияның елшілері Беларуське осы аптада бармақ.
Еуропа Одағы елшілері Беларусь түрмесінде отырған президенттікке кандидат Андрей Санников, одан кейін Санниковтің жақтасы Дмитрий Бондаренко сәуірдің ортасында бостандыққа шыққан соң Минскіге орала бастады.