АҚШ Жапонияның Окинава аралынан 9 мың әскери қызметкерін Гуам аймағы мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы басқа әскери базаларына әкететін болды.
Жапония мен АҚШ әскерилері бірлесе жасаған мәлімдемеде "Әскерді шығару аймақтағы қауіпсіздік мәселесі ширығып тұрған кезеңде Жапонияның қауіпсіздігі үшін жасалған оң қадам" делінген. Бірақ АҚШ әскерінің нақты қашан шығарылатыны әлі анықталмады.
АҚШ әскерінің Окинавада болуы біраз уақыттан бері Токио мен Вашингтонның қарым-қатынасын шиеленістіріп жберген. Окинавадағы АҚШ әскеріне қатысты барлық дау 1995 жылы америкалық үш әскери қызметкердің мектеп жасындағы жапон қызын ұрлап әкетіп, зорлағанынан кейін басталған болатын.