Семейде жиынға келгендерді полиция қуып таратты

Семейде сенбіде "Қарсылық жиыны" өтті деп хабарлайды осы аймақтағы Азаттық тілшісі.

Оның айтуына қарағанда, митингіге 15-тей адам қатысқан. Митингі басталғаннан 15-20 минут өткенде полиция жиынға келгендерді қуып, плакаттарын тартып алған. Жиынға қатысқандардың арасында тіркелмеген "Алға" партиясының белсенділері де бар.