Жүздеген ауғандық АҚШ-тың әуе шабуылына наразы

Тұрақсыздыққа наразы кабулдықтардың шеруі. 30 сәуір 2012 жыл. Көрнекі сурет

Жүздеген оңтүстік Ауғанстан тұрғыны 1 мамыр күні АҚШ-қа қарсы ұрандар айтып наразылық жиынын өткізді. Олар НАТО мен Талибан арасында болған ұрыс кезінде жазатайым оққа ұшты деп төрт баланың өлі денесін ұстап тұрды.

Забул уәлаяты губернаторының орынбасары Мохаммад Джан Расулярдың айтуынша, 8 бен 12 жас шамасындағы төрт бала НАТО мен Талибан жасақтары Шахджой ауданында атысқан кезде қаза тапқан.

Расулярдың айтуынша, балалар шетелдік әскер емес, қарулы бүлікшілердің қолынан өлген. НАТО бұл оқиғаны тексеріп жатқанын хабарлады.

Ауғанстандағы АҚШ бастаған халықаралық әскери күштер Ауғанстандағы бейбіт тұрғындардың ажалына себеп бодлы деп жиі айыпталады. Соңғы мәрте мұндай шу биыл наурыз айында Роберт Бейлз есімді америкалық сарбаз 17 адамды (тоғызы - бала) атып өлтірген кезде шыққан еді.