Сириядағы бақылаушы топтардың бірі елдің шығысындағы Алеппо қаласында 2 мамырда көтерілісшілер 15 үкімет әскерін өлтіргенін хабарлады.
Лондонда орналасқан бақылау тобының айтуынша, қаза тапқандардың екеуі - полковник шеніндегілер. Бақылау тобы одан өзге екі көтерілісшінің қаза тапқанын айтады.
1 мамырда Дейр-эз-Зор провинциясында да 12 үкімет әскерінің қаза болғаны туралы да хабарланған болатын. Ал одан бір күн бұрын Идлиб қаласында бірнеше жарылыстан 20 адам қаза болған еді.
Сирияға 29 сәуір күні жеткен БҰҰ бақылаушы тобының жаңа басшысы оқ атуды тоқтату туралы бітімнің орындалуына күш салып жатыр. Сириядағы үкімет пен оппозиция арасындағы қарулы қақтығыстың басталғанына бір жылдан асты.