Жұмада Алматының әкімшілік соты 28 сәуірдегі "Қарсылық жиынына" қатысқан азаматтық қоғам белсендісі Георгий Архангельскийге 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 32 мың теңге) көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы тіркелмеген "Алға" партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот Архангельскийді рұқсат етілмеген митингіге қатысты деп айыптаған.
Архангельский Алматыда 28 сәуірде болған митингіде сөз сөйлеп, келесі митингінің 2 маусымда болатынын хабарлаған.
Алматыда 28 сәуірде "Қарсылық жиыны" митингісіне қатысқан және қатыспақ болған бірнеше белсенді ұсталып, түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.