Назарбаев Минскіде Лукашенкомен кездесті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Астана, 5 шілде 2010 жыл.

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларуське сапарында осы ел президенті Александр Лукашенкомен кездесті" деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Минскідегі кездесу барысында Назарбаев "Беларусь - Қазақстанның стратегиялық әріптесі, серігі әрі одақтасы" екенін айтқан. "Мұның үстіне екі ел - Біртұтас экономикалық кеңістікке, Кеден одағына мүше. Осы сапарым екі жақты қарым-қатынастарды, әсіресе сауда саласындағы байланыстарды күшейтеді деп айта аламын. Екі жақты тауар айналымы бір миллирд АҚШ долларынан асуы тиіс" деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Александр Лукашенко Қазақстанның Беларусьпен сауда айналымы ТМД-да Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында тұрғанын айтқан.