Сербияда жексенбіде өткен президенттік сайлаудың екінші кезеңінде алдын ала нәтижелер бойынша Серб прогрессивтік партиясының жетекшісі Томислав Николич жеңіске жетті. Сайлауда ол елдің қазіргі президенті Борис Тадичтен екі пайыз артық дауыс алған.
Азаттық радиосының Белградтағы тілшісінің хабарлауынша, дауыс беру аяқталған соң бірер сағаттан кейін Томислав Николичтің жақтастары оның жеңісін атап өте бастаған. Николич алғашқы мәлімдемесінде елді өзі басқарған жағдайда Сербияның Еуропамен интеграциядан бас тартпайтынын және Сербия прогрессивтік партиясының басшылығынан кететінін айтты.
Томис Николич бұрынырақ серб әсіреұлтшылдарына қосылып жүретін. Бірақ соңғы жылдары олармен байланысын үзіп, ұлтшыл көзқарасты ұстанатын болды.
Николич сайлауда Борис Томичке осымен үшінші рет қарсылас болды.
Николичті жеңісімен алғаш болып қазіргі президенттің өзі құттықтады.