Тамара Ерғазеваға сот үкім шығарды

Жаңаөзендік Тамара Ерғазева.

Дүйсенбіде Жаңаөзен қалалық соты Тамара Ерғазеваға қатысты үкім шығарды.

Жаңаөзен қалалық соты баспасөз қызметінің Азаттық радиосына хабарлауынша, істі қараған сот төрағасы Бауыржан Елемесов Тамара Ерғазеваны қылмыстық кодекстің 354-бабының 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, 63-бапқа сәйкес 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырған. Қылмыстық кодекстің 354-бабы "Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету" деп аталады.

Тамара Ерғазева - 16 желтоқсандағы оқиғаларда аяғына оқ тиіп жараланған жаңаөзендік бұрынғы мұнайшы Жаңбыр Ерғазевтің әйелі. Ол «үнпарақ таратты» деген айып тағылып, наурыздың ортасында алдымен үш тәулікке, кейін екі айға қамалған еді.