Украинаның Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Владимир Геращенко қызметінен кетті. Оның отставкаға кетуіне BBC телеарнасының "Геращенко Лондон олимпиадасының билеттерін сатуды ұсынған" деген хабары себеп болған.
BBC-дің хабарлауынша, Украинаға түрлі лауазымды тұлғалар мен топтарға тарату үшін 2 мың 900 билет бөлінген. Геращенко жүз билетті саудаламақ болған. Мұны телеарна тілшісі Геращенкомен билет сатып алушы болып телефонмен сөйлескен кезде анықтағанын айтады.
Украина ұлттық олимпиада комитетінің президенті Сергей Бубка бұл жағдайды тексеретін арнайы комиссия құрылатынын хабарлады.
Ұлыбританияда олимпиада ойындарының билетін саудалау қылмыс саналып, ол іс үшін 20 мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл салынады.