Сирия президенті Башар Асад 3 маусым күні ел парламенті алдына шығып сөз сөйледі. Асад Сирия мемлекетінің "сырттан таңылған соғыспен бетпе-бет келіп тұрғанын" және "терроризммен күрес" кезінде ешқандай да келісімге келудің болмайтынын айтты.
Башар Асадтың айтуынша, Сирия отарлықтан құтылғалы бері ең қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Оның сөздері бұған дейін халыққа жолдаған үндеулеріне ұқсас болып шықты. Сирия президенті елдегі көтерілісті терроршылар ұйымдастырып жатыр деп мәлімдеді.
Бұл - Асадтың Хула қаласында болған қанды қырғыннан кейін халық алдына шығып жолдаған бірінші үндеуі. "Хула қырғыны" кезінде 100-ден астам адам өлген еді. Оның біразы балалар болып шыққан.