Мәскеуде оппозиция өкілдерін тергеуге шақырды

Оппозиция жетекшілерінің бірі Алексей Навальный.

Дүйсенбіде Мәскеуде Болотный алаңында 6 мамырда болған тәртіпсіздіктерге қатысты іспен байланысты он шақты оппозиция жетекшісінің пәтеріннде тінту жүргізіліп, өздері 12 маусымда тергеуге шақырылды.

Ресейдің тергеу комитеті хабарлағандай, полицейлер Алексей Навальный, Сергей Удальцов, Илья Яшин, Борис Немцовтың және танымал тележүргізуші Ксения Собчак тергеуге шақырылған. Азаматтық белсенділер Twitter-де бірнеше серіктерінің тұтқындалғаны жайлы жазып жатыр.

Мұның алдында тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин биліктің "Миллиондар маршындағы" тәртіпсіздікке қатысқандардың барлығын тұтқындауға бекініп отырғанын айтқан.

Тергеуге шақырылған оппозиция жетекшілері 12 маусымда мыңдаған адам қатысатын кезекті наразылық шеруінде сөз сөйлеуі тиіс болған.