Бахрейнде наразылық шеруіне қатысы бар дәрігерлер сотталды

Байхрейндегі үкіметке қарсы шерулер. Манама, 1 қаңтар 2012 жыл.

Бахрейннің апелляциялық соты бейсенбіде 9 дәрігерді үкіметке қарсы шерулерге қатысы бар деген айыппен бір айдан бес жылға дейінгі мерзімге соттады. Олардан басқа 9 дәрігер ақталып шықты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін жартылай әскери сот дәрігерлерді 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырған болатын.

Манама ауруханасының айып тағылған тағы екі дәрігері қазір іздеуде жүр.