Өзбек мұнай-газ қоры туралы дерек әртүрлі

Өзбекстанның мемлекеттік "Өзбекмұнайгаз" компаниясының ғимараты. Көрнекі сурет.

Өзбекстанның бірқатар үкіметшіл сайттары British Petroleum (BP) компаниясының елдегі барланған мұнай мен газ қоры туралы есебін жариялады. Компания келтірген есеп үкіметтің ресми ақпаратынан өзгеше.

BP компаниясының жыл сайынғы есебі бойынша, Өзбекстан аумағында шамамен барланған 100 миллион тонна мұнай мен 600 миллиард текше метр газ бар. Мұның алдында мемлекеттік "Өзбекмұнайгаз" компаниясы басқа мәлімет келтірген. Оның есебі бойынша, Өзбекстанда 132 миллиард тонна мұнай, 4 триллион текше метр газ бар.

BP компаниясының мәліметі Oil and Gas журналының осы жылдың басында жариялаған ақпаратымен бірдей.

Көмірсутегі шикізатына бай болғанымен, Өзбекстан халқы жылда газ тапшылығы мен бензин бағасының қымбаттығынан зардап шегеді.