Түркия: Сирия атқан ұшақ жаттығуда жүрген еді

Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу. Анкара, 20 қаңтар 2012 жыл

Түркия сыртқы істер министрінің жексенбі күнгі мәлімдемесіне сәйкес, 22 маусым күні түркиялық әскери ұшақ шекарадан 13 миль қашықтықта жаттығу жасап жүргенде Сирия тарапынан атып түсірілген.

TRT Haber мемлекеттік ақпарат арнасына сұхбат берген Ахмет Давутоглудың айтуынша, Phantom маркалы жойғыш ұшақ Түркияның радар және қорғаныс жүйесін сынап жүрген және ешқандай қаруы болмаған.

Дамаскінің мәлімдеуінше, ұшақ Жерорта теңізінің Сирияға қарайтын бөлігіне ұшып кірген кезде атып түсірілген. Екі ұшқыш туралы әлі анық ақпарат жоқ. БҰҰ Түркияны ұстамдылыққа шақырып, екі елді мәселені дипломатиялық жолмен шешуге үндеді.