Дәрігер: Тимошенконың сотқа баратындай әлі жоқ

Футбол жанкүйерлері Юлия Тимошенконы босатуды талап еткен қозғалыстарға белсене қатысты. Киев, 12 маусым 2012 жыл

Украинаның қамауда отырған бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко дүйсенбі күні салықтан жалтару бойынша өзіне тағылған жаңа айыптауларға байланысты өтетін сотқа қатыса алмайды.

24 маусым күні Украинаның қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері Тимошенконың Харьковта өтететін сот тыңдауына қатыспауға рұқсат сұрағанын хабарлады. Саясаткерді қараған неміс дәрігері Тимошенконың омыртқасын емдетіп жатқанын, ауруханадан басқа жерге алып шығуға келмейтінін айтқан.

Оның сейсенбі күні Киевте өтетін тағы бір сот отырысына қатысар-қатыспасы да белгісіз. Тимошенко өзін жеті жылға түрме жазасына кескен сот үкімінің үстінен аппеляциялық шағым түсірген еді.

Сот отырыстары Украинада Еуропадан футбол чемпионаты өтіп жатқан күндермен тұспа-тұс келді. Бірқатар Еуропа Одағы елдерінің жетекшілері Юлия Тимошенконың түрмедегі жағдайына қатысты наразылық ретінде Украинада ойналатын матчтарға бойкот жариялаған болатын.