Әскери қылмыстарды қарайтын халықаралық Гаага трибуналы Босния сербтерінің бұрынғы жетекшісі Радован Караджичке тағылған айыптың бірін алып тастады.
Сот "айыптаушы жақ серб әскерінің әрекетін геноцид деп бағалайтындай дәлел келтіре алмады" деп оған геноцидке қатысты тағылған екі айыптың бірін алып тастаған. Гаага соты оны 1992 жылғы Босния-Герцеговинадағы әскери қақтығыс кезінде мұсылмандар мен хорваттарды қырды деп айыптаған еді.
Караджичтің мойнындағы әскери және адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген тағы 10 айып күшінде қалды. Босния сербтерінің бұрынғы жетекшісі негізінен 1995 жылы Сребреницада сегіз мың мұсылман ерлері мен балаларды қырды деп айыпталып отыр.