Сириялық 85 әскери қызметкер Түркияға өтіп кетті

Башар Асадтың бейнесі салынған баннер. Көрнекі сурет.

Сирияның 300 азаматы, оның ішінде 85 әскери Түркияға өтіп кетті. Түркияның мемлекеттік "Анадолу" агенттігінің хабарлауынша, бір генерал мен жеті офицер Хомс қаласындағы әскери бөлімді өз еріктерімен тастап кеткен.

Мәліметтерге қарағанда, 85 әскери - 2011 жылы наурызда толқулар басталғалы бері Түркияға өтіп кеткен дезертирлердің ең үлкен тобы.

Қазір Түркиядағы сириялық босқындардың саны 35 мың адамға жетті.