Қостанайда белсенділер Назарбаевқа телеграмма жіберді

Тіркелмеген "Алға" партиясы кеңсесі алдында ілініп тұрған саяси тұтқындарды босатуды талап еткен баннер. Алматы. Көрнекі сурет.

Бүгін Қостанайда облыстың бір топ азаматтық белсенділері президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай оның атына телеграмма жіберді.

Белсенді Ольга Березовскаяның Азаттық тілшісіне хабарлауынша, белсенділер телеграммада Болат Атабаевты "ұлттың ар-намысы", Владимир Козловты "ұлттың қадірі", Жанболат Мамайды "ұлттың болашағы, ал Назарбаевты "ұлт көшбасшысы" деп жазып, саяси тұтқындарды босатуды талап еткен.

- Телеграмманы тапсыру оңай болған жоқ. Оны тапсыратын кезде "Қазпочта" филиалының алдында полицейлер мен видеоға түсіріп жүрген жай адамдар көп болды. Почта қызметкерлері о баста телеграмманы қабылдамай қойды. Бірақ біз дауласқаннан кейін ғана олар телеграмманы қабылдады, - дейді белсенді.