Астанада салмағы 7 келілік нәресте дүниеге келді

Астанадағы ана мен бала ғылыми орталығында салмағы 7 килограммға жуықтайтын ұл бала туылды деп хабарлайды ұлттық медициналық холдингтің баспасөз қызметі.

Нәрестенің салмағы 6 килограмм 820 грамм тартса, бойы 63 сантиметр. Қазір босанған ана мен сәби дәрігерлердің бақылауында.

Дәрігерлер клиникада соңғы бес жылда мұндай салмақтағы нәресте туылмаған дейді