Талдықорғанда терроризм бойынша ашық сот басталды

Сот отырысы. Талдықорған, 5 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Талдықорғанның қалалық сотында терроризм бойынша айыптар тағылған үш адамға қатысты сот процесі басталды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне айыпталушылардың қорғаушысы Аманбай Баймағамбетов хабарлады.

Оның айтуынша, Нұрболат Құсайынов, Ерқуат Нұрғабылов және Жандос Желдібаевқа "терроризмді насихаттады", "ұлтаралық араздық тудырды" және "адамдарды шет елде террористік әрекет жасауға тартты" деген айыптар тағылған.

Айыпталушы Нұрболат Құсайыновтың әйелі Гүлвира Даниярованың айтуына қарағанда, сот ашық түрде өтіп жатыр.

"Келесі сот отырысы 25 шілдеде болады" дейді қорғаушы.