БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй сәрсенбіде Алматыда қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесті.
Кездесуге "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қоры, "Аман-саулық" қоры, Адам құқықтары бюросы, Алматы Хельсинки комитетінің өкілдері, құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев және тағы басқа белсенділер қатысты.
Азаттық тілшісіне берген сұхбатында "Аман саулық" қорының төрайымы Бақыт Түменова кездесуде Пиллэйге Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталған азаматтар қамауда азапталғанын, бірақ сот процесінде ол мәселенің ескерілмегенін айтқан.
Құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев та комиссарға Жаңаөзен оқиғасы мен оған қатысты сот процестерінің қалай өткені жайында баяндаған.
Ал "Әділ сөз" ұйымының өкілі Елена Малыгина Азаттық тілшісіне кездесуде Қазақстандағы сөз бостандығы жайлы баяндағанын айтты. Малыгинаның сөзіне қарағанда, Нави Пиллэй үкіметтік емес ұйымдар келтірген деректерді жинақтап, БҰҰ-ның қарауына беретінін айтқан.
Кездесуге қатысқан Алматы Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина елдегі діни жағдай туралы сөз еткен.
БҰҰ жоғарғы комиссары Қазақстанға Орталық Азия елдеріне жасаған сапарының аясында келді.