Әуе шабуылынан қорғанудың Қазақстан-Ресей аймақтық біртұтас жүйесін құру туралы келісімге 2013 жылы қол қойылатын болды деп мәлімдеді Қазақстан қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы Нұржан Мұқанов. Бұл туралы сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.
Мұқановтың айтуынша, қазір осы келісім бойынша құжаттар реттеліп жатыр. Келесі жылы келісімге қол қойылады" деді Мұқанов Қырғызстанда ТМД қорғаныс министрлері үйлестіру кеңесінің әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі мәселелеріне арналған жиынында.
Қолбасшы 2013 жылы Қазақстанға әуе шабуылына қарсы қолданылатын ресейлік С-300 зениттік зымыран кешенінін жеткізу мәселесі де шешіледі деген болжам айтады.