Ақтөбедегі 168/1 тергеу изоляторында режимге қарсы 20 тұтқын қарындары мен білектерін тіліп тастады. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Ақтөбе облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Мирболат Көпесов хабарлады.
Оның айтуына қарағанда, тұтқындар 11 маусым күні түсте тамақ ішуден бас тартып, изолятордағы "қалыпты жағдайды бұзған".
- Тұтқындар изолятор аумағында емін-еркін жүріп-тұруды, жақындарымен еш кедергісіз кездесуді талап етеді. Ұялы байланыс қызметін де пайдаланғылары келеді. Қойып отырған талаптары заңсыз. Өз-өздерін жаралаған тұтқындардың жағдайы қанағаттанарлық, - дейді Көпесов.
Бұған дейін кейбір ақпарат құралдарында 13 тұтқын өздерін азаптауға наразылық танытып, денелерін жаралап тастағаны хабарланған еді. Интернетте 11 шілдеде қаладағы тергеу изоляторындағы тұтқындардың көмек сұрап, наразылық танытып жатқаны туралы видео пайда болған.
Көпесов бүгін тұтқындардың 30 туысының изолятор аумағына кіргізіліп, "тұтқындар зәбір көріп жатыр деген ақпараттың расталмағанын" айтады. Ол қазір тергеу изоляторында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын да айтты.
Ал BNews агенттігі Көпесовтің бүгін баспаөсз жиынында қарнын жарған екі тұтқынның қазір ауруанада жатқанын айтқанын хабарлады.