Сирияда жергілікті оппозиция өкілдері "үкімет әскері Хама провинциясында 200 адамды өлтірді" деп мәлімдеді. Көтерілісшілердің жетекшісі Әбу Мохамед провинцияға шабуыл кезінде тікұшақтар, танк мен бірнеше зымыран ату кешендері қолданылғанын айтады. Оның сөзінше, қырғын Треимс елді мекенінде болған.
Syrian Observatory for Human Rights ұйымы құрбан болғандар саны 100 адам екенін айтады.
Бірақ мемлекеттік SANA ақпарат агенттігі елді мекенде үкімет әскері мен "қарулы террористік топ арасында ұрыс болғанын" ғана хабарлады. Жаппай адам өлімі туралы, қақтығыста құрбан болғандардың нақты саны жайлы ештеңе айтпады.
Сирияның оппозициялық Ұлттық кеңесінің басшысы Абдель Бассет Сайда бұл оқиғаға наразылық танытып, БҰҰ-ны президент Башар Асад режиміне қарсы әскери интервенция жасауды көздейтін қарар қабылдауға шақырды.