Қырғызстанның уақытша бас мүфтиі сайланды

Қырғызстанның ресми мұсылмандар діни басқармасының бұрынғы басшысы Чубак қажы Жалилов.

Орталық Азия ғұламаларының кеңесі Қырғызстанның бас мүфтиі міндетін атқарушы қылып Рахметулла Эгембердиевті сайлады.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, ғұламалар кеңесінің 17 шілдеде өткен жиынында діндарлар мүфти сайлау үшін ұзақ айтысқан.

Қырғызстан діни басқармасына екі жыл жетекшілік еткен Чубак қажы Жалилов кеше «денсаулығының нашар екенін» айтып, қызметінен кетуге өтініш берген еді. "Бұл қызметте қырғыздың басқа да азаматтары бақ сынап көрсін" деді Чубак қажы Жалилов.