Бүгін Дамаскіде ұлттық қауіпсіздік қызметінің ғимаратында жарылыс болып, Сирияның қорғаныс министрі, генерал Дауд Раджха қаза тапты.
Сирияның мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, жанкешті жасаған жарылыстан тағы бірнеше жоғары шенді шенеунік пен офицерлер жараланған.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, жараланғандардың арасында президент Башар Асадтың күйеу баласы Асеф Шаукат та бар. Жарылыстан зардап шеккендердің нақты саны қазір анықталып жатыр.
Associated Press агенттігі таратқан ақпаратқа қарағанда, Дамаскінің жекелеген аудандары мен қала маңында үкімет әскері мен көтерілісшілер арасындағы ұрыс әлі жалғасып жатыр. Кейбір ақпарат көздері президент сарайына жақын жердегі армия казармасының өртеніп жатқанын айтады.
Сирия билігі Дамаскіде "террористік топтардың көзін жою" үшін ұрыс жүріп жатқанын айтады. Ал оппозиция Башар Асад режиміне қарсы "ақтық шайқас" жүріп жатқанын жариялап отыр.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін кешке Сирияға қатысты Батыс елдері ұсынған жаңа қарар жобасына дауыс бермек. Бірақ ол қарардың қабылданбай қалуы да мүмкін. Себебі кеңестің тұрақты мүшесі Ресей Батыс елдерінің Сирия режиміне қарсы санкцияларды күшейтуіне қарсы.
Сирия билігі әдетте мұндай жарылыстарды "террористерден" көретін. Бірақ Сирияның Ирактағы елшісі, таяуда оппозиция жағына шығып кеткен Наваф Фарес кеше BBC-ге берген сұқбатында "Асад режимі "Әл-Қаидамен" бірігіп елде түрлі жарылыстар жасап жатыр" деген пікір айтқан.