БҰҰ Ирактағы миссиясының мандатын ұзартты

БҰҰ қауіпсіздік кеңесіннің отырысы.

БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі Ирактағы БҰҰ миссиясының мандатын тағы бір жылға созу туралы шешімді бірауыздан қабылдады.

Қарарда Ирак үкіметінің елде демократияны нығайту мен заң үстемдігін орнатуға, терроризм мен өзара соғысқа қарсы тұруға бағытталған күш-жігеріне БҰҰ-ның қолдау танытатындығы айтылған.

Құжатта Ирактағы барша саяси күштердің арасында диалогты дамыту қажеттігіне мән беріліп, әсіресе адам құқығын қорғаудың маңыздылығы айрықша атап көрсетілген.