Facebook екінші тоқсанда 157 млн. доллар зиян шеккен

Facebook әлеуметтік желісінің белгісі.

Ең ірі әлеуметтік желіге иелік ететін Facebook компаниясы 2012 жылдың екінші тоқсанында 157 миллион доллар зиян шеккенін хабарлады. Былтыр екінші тоқсанның қортындысы бойынша компанияға 240 миллион доллар кіріс түскен.

Биыл мамыр айында Facebook өз акцияларын қаржы нарығына шығарды. Қазір Facebook әлеуметтік желісін ай сайын белсенді пайдаланушылар саны 955 миллион адамға жетіп отыр, яғни өткен жылғы көрсеткіштен 29 пайызға артқан.